2016 жылдың 23 қарашасында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының қатысуымен брифинг өткізілді

Жер балансы есебі бойынша облысымыздың 30062,9 мың га жер көлемінің 15937,5 мың га жері пайдаланушыларға табысталған, 14125,4 мың га жері мемлекеттің босалқы жер қорында тіркелген.
2016 жылы облысымызда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 341,6 мың га көбейді.Өнеркәсiп жерлері14,9 мың га көбейді.
Соңғы бес жылда облысымызда жалпы көлемі 4970,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері айналымға енгізілсе, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктерінде құрылған жұмыс топтарымен 1698,8 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдаланылмайтындығы анықталып, ҚР Жер кодексінің 81 бабы 3 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, келісім шарттарды мерзімінен бұрын тоқтату арқылы мемлекеттің босалқы жер қорына қайтарылып, қайтадан айналымға енгізілді.
Ағымдағы жылдың он айында облыс бюджетіне жер салығы және өзгеде жер төлемдерінен 1043,2 млн.теңге көлемінде қаржы түсті. Оның ішінде, 401,7 млн.теңге -жер салығы, 351,2 млн.теңге - жалға берілген жерлерге төлем, 290,3 млн.теңге - сатылған жерлерден түскен төлем.
Облыс бойынша 2016 жылы 6167 жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысына бөлінді. Бұл көрсеткіш 2010 және 2015 жылдар аралығындағы бөлінген учаскелер санына қарағанда Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында жеке тұрғын үй құрылысына–1051 учаскеге артық.
Алдағы уақытта облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскесін көбейту мақсатында 2017 жылы - 14886, 2018 жылы – 16524 жер учаскесі бөлініп инфрақұрылымдармен қамтемелеу жоспарлануда.