Хабарландырулар

2015 жыл 22 қазан
«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ бойынша әкімшілік мемлекеттік бос орынға жер учаскелерін табыстау мен алып қоюға ұсыныс дайындау бөлімінің бас маманы (санаты D-O-4) (бала күтімі бойынша демалыс кезінде міндетін уақытша атқару үшін) әңгімелесуден өтіп конкурс конкурс комиссиясының оң қортындысын алған кандидант М.Ж.Анарбекова
2015 жыл 16 қазан
«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ бойынша уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға D-О-4 санаты, (бала күтімі бойынша демалыс кезінде міндетін уақытша атқару үшін) әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі:
1. Баяуов Айдарбек Бердымұратұлы
2. Блинов Бауыржан Сайинович
3. Анарбекова Маншук Жумагазиевна
030010, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, анықтама үшін телефон: 8(7132) 54-59-24 тел/факс, e-mail: zem_otnosh@mail.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
жер учаскелерін табыстау мен алып қоюға ұсыныс дайындау бөлімінің бас маманы (бала күтімі бойынша демалыс кезінде міндетін уақытша атқару үшін).
D-О-4 санаты, (1 бірлік)
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыр жолдар, мұнай және газ өндеу объектілерін, шығартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық ќызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі жергілікті атқару органның шешімінің жобаларын дайындау.
Мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру жөніндегі ұсыныстар дайындау және жергілікті атқарушы органның шешімінің жобаларын дайындау.
Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жАйнур салемасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстар дайындау және жергілікті атқарушы органның шешімінің жобаларын дайындау.
ҚР Жер Кодекстiң 71-бабына сәйкес iздестiру жұмыстарын жұргізу үшiн жер учаскелерiн пайдалануєа рұқсат беру және Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитут белгілеу жөнінде жер учаскелерін беруге ұсыныстар енгізу және жергілікті атқарушы органның шешімінің жобаларын дайындау.
Орталық атқарушы органға, облыстық әкімдікке, басқармаларға және өзгеде органдарға қажетті ақпараттардың уақытында және сапалы беріп тұру.
Облыстың жерлерін тиімді пайдалану мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) дайындауға және бағдарламалар әзірлеуге үлес қосып қатысу. Басқарма басшысының жиналыстарда сөйлейтін сөздеріне қажетті материалдар дайындау. Басқа да міндеттер нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары жерге орналастырушы, агрономдық, заңгерлік, экономикалық, агроэкологиялық, техникалық. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттаєы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болєан жағдайда ортадан кейінгі жерге орналастырушы, агрономдық, заңгерлік, экономикалық, агроэкологиялық, техникалық білімі барларға рұқсат етіледі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерін білуі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.
Қонкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) нысанєа сәйкес өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылєан сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазаќстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылєан нотариалдық көшірмесі).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаєан және конкурс жарияланєан бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, менездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының Қазақстан Ресубликасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тілкеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарлату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн.
Құжаттар «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ әкімшілік-қаржы бөлімінде қағаз түрінде қабылданады немесе zem_otnosh@mail.kz электрондық поштаєа жолданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бүрын кешіктірілмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:
D-О-4 санаты үшін:
Мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.