Басқарма басшысы

Сәрсенғалиев Қабай Қаленұлы 1957 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1979 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген.
Институт бітіргеннен кейін еңбек жолын 1979 жылы Ақтөбе облысының коммуналдық шаруашылығы басқармасында инженер болып бастады. 1980-1997 жылдары өзінің қызметін қалалық су құбыры-кәріз шаруашылығы басқармасында мастер, бас технолог, учаске бастығы, бас инженер, «Горводоканал" басқарма бастығы, «Ақбұлақ» АҚ президенті қызметтерінде жалєастырды.
1997-2003 жылдары Ақтөбе газ учаскесінің бастығы, «Ақтөбеоблгаз» АҚ вице-президенті, «Ақтөбеоблгаз» Ақтөбе облыстық газ шаруашылығы басқармасының төрағасы, «Ақтөбегаз» АҚ төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2004-2008 жылдары «Ақбұлақ» АҚ президенті.
2008-2009 жылдары «Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен ділей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ бастығы, «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы.
2009-2012 жылдары Алға ауданының әкімі.
2012 жылдан бастап «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы.